аның болған жерімен, оқиғаға
қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған
ортамен таныстырады. Мұны суреттеу дейміз.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс өлең құрлысын талдау.
(Жырдың алғашқы шумағы)
Өткен іс ойға күңгірт көзге танық,-----11 а
Көрмесе де білгенге бәрі қанық. -11 а
Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,---11 б
Қазақтың сыр бойында жүргені анық. -----11а
(Жырдың соңғы шумағы)
Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз бізде,---11 а
Егерде іздесеңдер сонан ізде. ----11 а
Тобықты да Құнанбай қажы десе,-----11 б
Басты кісі біледі Орта жүзде. 11 а
Сұрақ: Портрет деген не?Жауап: Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет әлпетін суреттеуді портрет
дейміз.
Жауап: Көркем шығармада кейіпкерлердің кездесіп сөйлесуін диалог дейміз.
Сергіту сәті
2-кезең. г) дебат
Мұғалім: Балалар, жырдың композициялық құбылысы бойынша өте сәтті жұмыс
жасадыңдар. Сендерге көп рақмет. Енді кейіпкерлер тағдырына терең үңілейікші. Басты
кейіпкерлер туралы өз пікірімізді ашық айтып мынадай сұрақтар бойынша пікірталас
ұйымдастырайық.
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па? бұрыс па?
Жақтаушы топ.
Жауап: Иә, мен Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар - адал махаббат
иелері. Бірін-бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға деген
махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт
тіледі. Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп ойлаймын.
Даттаушы топ: Жоқ, бұл пікірге қосыла алмаймын. Олар бірін - бірі ұнатса да, сезімді
ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата салтын бұзды. Ол кезде ата
салтын орындамай, бата бұзған адамды жазалаған. Екіншіден, олар өза
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>