Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман-Мамыр" поэмасы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ра ағайынды, туыс
адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды
бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын.
Дәйектеме: Қалқаман мен Мамырды қосылуы дұрыс емес, Өйткені олар өзара туыстас
адамдар.
2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда Көкенай батыр деп суреттеледі, оның
батырлық әрекеті жырда көріне ме?
Жақтаушы топ: Ерте кезде кінәлі адамдардың айтпайтын арнауы заң орындары болған. Жазасын
өтеу үшін жататын түрмелер де болмаған. Сондықтан ел билеуші адамдар, яғни әр рудың
Әнет, Қалқаман сияқты көсемдері далалық сот жасап, өздерінше үкім шығарып отырған.
Көкенай - өз заманының салт-дәстүрін берік ұстаған адам. Сондықтан оның Мамырды,
Қалқаманды жазалауы дұрыс деп ойлаймын.
Көкенайдың әрекетін тағы басқа рулас адамдар тегіс жақтады. Мысалы жырда
мынадай өлең жолдары бар.
Тобықты осы сөзге қақ бөлініп,
Болысты Мәмбетейге Қанжығалы.
Сондықтан Көкенай Мамырды жазаламаса, келешекте тағы туысқан адамдар қосылып
қоюы мүмкін еді. Сондықтан болашақта жастарға сабақ болсын деп осындай қатыгездікке
барды деп ойлаймын.
Дәйектеме: Көкенайдың әрекеті дұрыс.
Даттаушы топ.
Көкенай - өз заманының қатыгез адамы. Ол екі жастың арасындағы тікенек сияқты. Бірін-
бірі ұнатқан екі жастың обалына қалды. Мамыр да, Қалқаман да өлім жазасына кесетіндей
ештеңе бүлдірген жоқ. Олар - адал махаббат иелері. Оған дәлел Қалқаманның мына сөзі:
Мамыр - ау , атып тұрсын әлденені,
Шариғат қосады екен немерені.
Қайғы ойлап жаман ырым айта берме,
Алаңсыз сүйген болсаң анық мені.
Осылай бірін-біріне үздікке екі ғашықты айырған Көкенай әрекетін мен айыппаймын.
Көкенай-ескі салт-сананың адамы, ол оқымаған қа

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: