раңғы адам.
Жауап:Мамыр айтты:Мен сенсіз тірі тұрман,
Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған,
Бір құдайға сыйынып ал да жөнел,
Жолында өлсем разымын, жаным құрбан,- деп
Қалқаманға деген жүрегінің ыстық ықласын білдірген адал махаббат иесі.
Жауап: Жырда Көкенай батыр деп талады. Бірақ оның батырлығы ешқандай эпизодта
жоқ. Мылтықсыз, қарусыз қыз, жігітті өлтіру - батырлық емес. Ол барып тұрған
қорқақтық. Адал, ұлы махаббаттан қорыққан деп түсінемін.
3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па? Теріс пе ?
Жауап: Қалқаман қазақ халқының сол кездегі салт-дәстүрді бұзды.
Біріншіден, Мамырдың атастырылып қойған жерінің батасын бұзды. Екіншіден, өзімен
жақын туысқан адамның қызын алды. Сондықтан ел бірлігі бұзылды, дау - жалдан
көбейді. Осы себептен Қалқаманның көзге күйік болмай, алысқа кеткені дұрыс.
Жауап: Қалқаман өзін оққа байлап берген туысқандарын кешіре алмады. Елінде жүрген
соң Мамырдың қайғысын да ұмыта алмады. Сондықтан ел ішінен кеткені дұрыс деймін.
Даттаушы топ:Мен Қалқаманның елден кетуін қалаймын. Туыстары, Әнет баба ол үшін
қатты қиналды. Оны өлім жазасына кескен - Мәмбетейлер. Сондықтан жекпе - жекте аман
қалған соң, елінде қалуы керек еді.
Жауап: Қалқаман елден безіп, өзінің күйректігін көрсетті. Оны елден ешкім қуған жоқ. Ол
өкпелесе тек Көкенайға ғана өкпелеуі керек еді. Елде жүріп Көкенайға қарсы күш көсетуі
керек еді. Мамырды шын жүрегімен сүйетінін дәлелдеп, оның есімін өтуі керек еді. Өзінің
адал махаббат иесі екенін дәлелдеп, өзі үшін өліп кеткен Мамырға ұмытылмастай етіп
ескерткіш мұнара орнатуы керек еді. Мысалы Айша бибіге ескерткіш орнатқан Қарахан
батыр сияқты. Сондықтан оның елден кеткені дұрыс емес деп ойлаймын.
Мұғалім : Иә,балала
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>