у бойынша іскерліктерін қалыптастыру; оқытудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістемесі жүйесі туралы біліммен қаруландыру және іскерліктерді қалыптастыру.
8. Зерттеу барысында жасалған педагогикалық тапсырмалар зерттеліп отырған сапаны мұғалімде қалыптастырудағы даярлық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіні дәлелденді.
9. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері ұсынылған жаңа педагогикалық технологиялардың болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қалыптастыруда тиімді екенін көрсетті.
10. Жаңа педагогикалық технологиялар болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру құралы ретінде қарастырылып,оқу материалдарын жақсы меңгеруге мүмкіндік берді, олардың танымдық белсенділігін арттырды.
11. Жаңа педагогикалық технология (ойын технологиясы) жоғары оқу орындарында студенттердің әртүрлі пәндерден алған білімдерін кіріктіріп, нәтижесінде олардың пәнді оқытудағы әдістемелік даярлығын жетілдіруге негіз қалады.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жүзеге асыруда
жаңа педагогикалық технологияларды оқу пәні мазмұнына сәйкес үйлесімді пайдалану;
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын негізге алу;
- студенттердің жаңа педагогикалық технологиялар арқылы кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы құралдар жүйесін пайдалану.
Зерттеу жұмысындағы қарастырып отырған жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ шетел тілі пән мұғалімдерін даярлаудың мүмкіндік нұсқаларының барлығын бір жұмыстың барысында жазып шығу мүмкін емес. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің жаңа педагогикалық технологиялар бойынша коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру;
Страницы: << < 49 | 50 | 51 | 52 | 53 > >>