Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  38 | 39 | 40 | 41 | 42  >  >>

/>
















Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудағы білім мен іскерліктерінің түзілімі




Сурет 1- Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың болжамды нобайы практикалық бағыттылық деп, шетел тілін оқытуда оқу материалдарын және осы оқу материалдарына сәйкес педагогикалық тапсырмаларды орындатудағы әдіс-тәсілдерді, құралдарды мұғалімнің дұрыс пайдалануын түсінеміз. Сондықтан да біздер зерттеп отырған даярлықты қамтамасыз етудің нобайын пайдаландық.
Нобайдың негізінде болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың төрт деңгейі анықталды: төменгі деңгей, орта деңгей, жеткілікті жоғары деңгей және жоғарғы деңгей.
Төменгі деңгейде: студенттердің шетел (ағылшын) тілін меңгеру мен оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығы төмен болады, олар шетел тілінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс қатынасының барын жете түсінбейді, тілдің мәнін сипаттай алмайды және шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етуді жете түсінбейді. Мазмұндық, процессуалдық құраушыларды меңгермейді.
Орта деңгейде: студенттер шетел тілін меңгеру мен оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығы болады, шетел тілі бойынша білімі үстірт. Шетел тілінің практикалық бағыттылығын толық сипаттай алмайды. Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз ету керектігін жақсы түсінеді, оны жүзеге асырудағы құралдарды, шарттарды толық сипаттай алмайды. Процессуалдық құраушылардың кейбір элементтерін ғана меңгереді.
Жеткілікті жоғары деңгейде: студенттер шетел тілін оқыту мен оқытуға жаңаға қызығушылығы болады, оның оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс ықпалының бар екенін жақсы түс

Страницы: <<  <  38 | 39 | 40 | 41 | 42  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: