Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  40 | 41 | 42 | 43 | 44  >  >>

оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі, студенттің өзіндік белсенділігі, маман даярлауға қойылатын талаптардың қанағаттандырылуы, т. б.
Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мәдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі көкейкесті болып табылуда.
Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының міндетті түрлеріне дәріс, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар жатады. Жоғары оқу орындарында кеңінен тараған оқыту формаларына қазіргі таңда жаңа сипат берілген.
Қазіргі кезде дәрістің бірнеше түрі ажыратылған: кіріспе, ақпараттық, шолу, мәселелеп оқу дәрісі, визуальдық, бинарлық, алдын ала қателерімен жоспарланған, конференция, кеңес, "Миға шабуыл" - дәрісі немесе "топтық пікір-талас дәріс". Семинар - практикалық оқу сабақтарының негізгі түрлерінің бірі. Семинардың ерекшелігі - оқушылардың оқытушының жетекшілігімен өз алдына дайындалған хабарламаларын, баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылау.
Ойын моделдерін белгілеуде әртүрлі терминдер қолданып жүрміз. "Ойын", "Имитация", "Нақты жағдайды талқылау". Ойын технологиясы негізінен С. Әбенбаевтың пікіріне сәйкес жаңа педагогикалық технологияға жатады. Сондықтан бұл қазіргі таңда оқу-тәрбие үдерісінде қолдау табуда.
Хабарламалық-дамытушы әдістер: дәріс, әңгіме, түсіндіру, оқу фильмдерін көрсету, педагогикалық әдебиеттермен өз бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламаларымен өз бетімен жұмыс.
Проблемал

Страницы: <<  <  40 | 41 | 42 | 43 | 44  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: