інеді. Шетел тілі, оны оқытудағы практикалық бағыттылығын сипаттау бойынша білімі айтарлықтай терең. Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етудегі оқу материалдарын және оқыту әдістері мен тәсілдерін көрсете біледі.
Жоғарғы деңгейде: болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пәнге деген, оны оқытудағы жаңаға деген қызығушылығы жоғары болып келеді және оның оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді. Шетел тіліне баулудың практикалық бағыттылығын сипаттау бойынша білімі айтарлықтай терең және қамтамасыз етудегі дидактикалық шарттардың оқытудың жүйелеріндегі мазмұндық сипаты бойынша білімі терең, оларды қамтамасыз етуді игереді. Олардың оқушыларды шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың құралдар жүйесі бойынша білімі терең болып келеді.
Сауалнама, әңгімелесу, тесттік тапсырмалармен бақылау әдістерін қолдану негізінде шетел тілін және оны практикалық бағыттылықта оқыту даярлығының бастапқы жағдайы анықталды.
Жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін талап аясында даярлау үшін төмендегідей дидактикалық шарттары орындалуы тиіс: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т. б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру.
Аталған шарттар негізінде болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыру көптеген факторларға байланысты. Олардың негізгілері біздің ойымызша төмендегілер: жоғары оқу орындары оқытушысының оқу үдерісін ұйымдастыру мен конструкциялауға қажетті білімі,
Страницы: << < 39 | 40 | 41 | 42 | 43 > >>