Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>

ндігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф. Н. Гоноболин, Н. В. Кузьмина, И. В. Страхов, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков т. б. ) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. Олар: дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу (экспрессивті), ұйымдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы қабілеттер.

Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Олар: гностикалық, практикалық (пән ерекшелігіне байланысты іскерліктер), зерттеушілік.
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы зерттеу жұмыстары үшін көптеген ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады. Зерттеудің төмендегідей бағыттары зерделенген: педагогикалық қабілет (Н. Ф. Гоноболин), педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н. В. Кузьмина), мұғалімнің жеке тұлғасы (В. А. Сластенин, А. И. Щербаков), педагогтарды кәсіби іріктеу (Р. М. Хмелюк), педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру (И. П. Раченко), педагогикалық шеберлік (Ю. П. Азаров), педагогикалық іс-әрекет шығармашылық үдеріс ретінде (В. А. Кан-Калик), мұғалімнің политехникалық даярлығы (Ю. К. Васильев), т. б. Жекелеген оқу пәні мұғалімдерін даярлау қазіргі таңда да кең көлемде жүргізілуде.
Педагогикалық іс-әрекет саласына "технология" деген сөзді енгізу "индустриялдық" технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б. ) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т. А. Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы н

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: