Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді.
Сөйлеудің жеке бір түрі - ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар негізінде дауысталмай - ақ сөйлей алудың көрінісі. Әр ұлттық өкілі қандай да бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады. Мәселен, жиналыста сөйлейтін оқушы өзі іштей сөйлеп дайындалуы ықтимал. Сыбырлап сөйлеп дайындалуын да мүмкін. Ішкі сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Сөйлеуші бұл үшін жатығады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру - интериоризациядеп аталады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездеседі.
Сонымен оқушыға білім беру барысында сөйлеу тілінің дамуы үшін төмендегі жағдайларды қалыптастыруымыз қажет.
Біріншіден, тілі дамуы үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен сөйлеу қарым-қатынасында болуы шарт.
Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы тиіс және оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.
Үшіншіден,басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу процесі өте кеш қалыптасады, сондықтан осыны ескеру қажет.
Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі - оның өзінің сөйлеуінде тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы.
Сөйлеуге үйретуге арналған еңбектің ішіндегі құнды еңбектің бірі - В. Л. Скалкиннің "Өзге ұлтқа ауызша сөйлеу тілін үйретудің негізі" атты еңбегі. Бұл еңбек екі тақырыптық бөлімнен тұрады.
І. Бөлім ауызша тіл дамытудың қатысымдық, психологиялық және лингвистикалық негізіне арналып, мұнда ауыз екі тілді дамытудың клмпоненттері мен категориялары қарастырылады. Еңбектің ІІ бөлімі толығымен әдістемелік мәселелерге арналған.
Еңбекте ауызша сөйлеудің жалпы принциптері, лингво-әдістемелік негізі талқыланады және оқыту материалдарын сұрыптау, оны
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>