Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>

ұйымдастырудың, оқытудың әдістемесі, сонымен бірге сөйлеу мен тыңдауға арналған жаттығулар жүйесі берілген. Әсіресе, бұл еңбекте сөйлеуге үйретуге арналған жаттығуларды а) жаттықтыру жаттығуы, ә) қатысымдық жаттығу деп екіге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тақырыптық жаттығулар ұсынады.
Мәселен: қатысымдық жаттығуларды сұрақ-жауап; ситуациялық; мазмұндама; пікірлесу; ауызша мазмұндау; инициативтік жаттығу және ойын жаттығу деп бөліп берген.
Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А. С. Макаренко да балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Балалармен сөйлескенде эмоция мен сезімнің басым болуы қажеттігін, мұғалім өзінің дауыс ырғағына, дикциясына назар аудару керектігін айтады. Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау арқылы сыртқа шығып, адам ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. сөйлеу тілін арттыру жұмыстарын жүргізгенде ол көзбен көру, құлақ пен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде сөйлесім әрекетінің маңызы зор. Сондықтан тілді оқыту барысында оқушының жеке қабілеті, ойлау дағдысы, сана-сезімі, жан-дүниесі ескеріледі. Сөйлеу тілін дамытудың психологиялық негізі тіл мен ойлауға келіп тіреледі. Сөйлеу тілін дамыту түйсіну, қабылдау, ес пен ойлау және қиял негізінде іске асады.
Ал оқушылардың жеке ерекшеліктері (темперамент, қабілет, мінез) сөйлеу, жазу жұмыстарымен тығыз байланысты.
Психолог Н. И. Жинкин "Коммуникативная система человека и развитие речи в школе" деген еңбегінде. "Сөйлеу - интелектінің даму Каналы, сөйлеу тілінің механизмдерін іске қосу - сөз бен буынның бейнесін қайта жаңғыртудан бастала

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: