ды", дейді. Н. И. Жинкиннің еңбегінде сөйлеу әрекетінің қызметтері төмендегідей белгіленеді.
Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан 3-түрлі салаға топтастырылады.
1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі
2. Сөйлеудің сигнирикативтік қызметі
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі
Сөйлеудің коммуникативтік қызметінің түрі өте көп. Блімідік қатынас, хабар алмасу, бірнеше адамның қатысы, топтар мен қоғамдық қатынастар, зат алмасу қатынасы т. б. Коммуникативті әрекет сөзбен де, сөзсіз де (ізет, құрмет, қозғалыс т. б. ) болады.
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі бойынша адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Ым-ишара осы топқа жатады.
Сөйлеудің экспрессивті қызметі үнмен мәнермен сөзбен, құлаққа жағымды, көңілге қонымды күйінде өзгелерге жан дүниесін тебірентіп жеткізілуі. Бұл әрекетте сөйлеген сөз - адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш болады.
Сөйлеу дегеніміз - тіл арқылы ойдың басқа біреуге жеткізілуі, ал сөйлем - ең басты тілдік единициалардың бірі, толық коммуникативтік қызметі бар синтаксистік единица деп жазады тілші - ғалым К. Аханов өзінің "Тіл білімінің негіздері" атты кітабында.
М. Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады . Сөйлеу қалай пайда болады? - деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз - тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу -- әрекет, сөйлеу - тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөлеу - тілдің жаны, тіршілігі. Шебер сөйлеу де өнер. Сөйлеу білмегендер: күлдіреш деп күйдіреді; білдіреш деп бүлдіреді; жұбаташ деп жылатаду; қуанташ де
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>