Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

у ауызша, жазбаша, монологтік және диалогтік болады. Сонымен, психология ғылымында сөйлеу әрекеті ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша болып тағы бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірмен тығыз байланыста іске асып отырады. Өйткені олардың физилогиялық негізі бір, ол негіз - мидың жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары.
Психолог Т. Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді - дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады. Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады.
Ауызша сөйлеу - кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т. б. атаулар. Сөйлеудің ерекше бір түріжазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер арқылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз ұстап жазып үйренгеннен кейін басталады.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
а) жазған кезде ым-ишара қолданылмайды;
ә) логикалық жағынан өте қатаң талап қойылады;
б) грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі;
в) жазған адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді.

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: