старын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің түрлері қамтылды. Сыртқы сөйлеудің ауыз екі (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу жұмыстары енгізіледі. Ауызша сөйлеудің диалог және моногол түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар мынандай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.
а) диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды тілемейді;
ә) сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
б) диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады;
в) диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал.
Монологтық сөйлеу. Тапсырмадағы монолог сөздерді орындау кезінде ол тек адамның, лект, баяндамашының, мұғалімнің, оқушының сөзі екендігі ескеріледі.
а) монолог сөзге жсопар құрылып, толық, белгілі бір жүйемен баяндалады;
ә) логикалық ойлау жағынан қатаң талаптар қойылады.
б) мағыналығы, түсініктілігі, мәнерлілігі талап етіледі.
Сөйлеу әрекеті - үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. А. А. Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен. Тілді интелектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып, психолог-ғалымы былай көрсетеді:
1. Сөйлеу әрекетін жоспарлау
2. оны жүзеге асыру
3. салыстыру мен бақылау
Сөйлеу іштей сөйлеу және сырттай сөйлеу болып екіге бөлінеді. Ал, сырттай сөйле
Страницы: << < 25 | 26 | 27 | 28 | 29 > >>