Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>

сіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза "бала тілін" бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1. сөздікпен жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Тіл -- сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық техно

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: