ысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т. б. ) сай түрліше құрылады. Сөйлеудің осы жақтары - кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А. С. Макаренко бұл жөнінде "балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек" деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т. б. ) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.
Сөйлеу - пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алу
Страницы: << < 19 | 20 | 21 | 22 | 23 > >>