Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

ының дамуында түрлі кезеңдерде көрінеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.
Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті практикада жүзеге асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.
Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Оқу тәрбие ісінде ең қажетті мәселелер мұғалымның психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерін меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті ескеріледі.

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: