Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>

ы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: "Ақылды көркі - тіл, тілдің көркі - сөз" деп тауып айтқан.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс) болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.
Сөйлеу әрекеті - ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.
Сөйлеу қабілетті - мидың анатомиялық функциясы байланысты болып келетіндігін мына мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құблысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады.
Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі. Оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі т. б. - афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам псикас

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: