арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-кағаздық т. б. создер. Сөйлеудің жеке бір түрі -- ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осығадай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де және стезиялық тітіркендіргіштерге орай туьш отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеумен жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: "Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті озімді де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардын алдымда бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын". Ішкі сойлеу өте кысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әркез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың кажеті де болмайды.
Сөйлеудің дамуы. Сөйлеу мәдениеті.
Жазбаша сөйлеу - баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеу меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету - бастауыш мектептегі оқуды пай
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>