Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>

ызға шаққанда жартысына жуығы ашылады. Жазбаша сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Бала мектепке келген кезден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның 3 кезеңі бар:
1. Әріптің элементтерін үйрену кезеңін деп аталады.
2. Бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қаблетіне ие болады. Баланың зейіні енді біртіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оынң әріп жазуға қатысын қимыл - қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп аталады.
3. Жазба сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда оқушы өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейін енді жеке сөздері емес, солардан құралатын сөзге ауады. Бала, сондай - ақ, сөздегі әріптің орналасу да қатты көңіл бөледі.





Тақырыбы: Сөйлеудің психологиялық сипаттамасы және жас ерекшелік бойынша шет тілін оқытуды жүзеге асыру.

Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенед. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері - көпшілікке ортақ объектвті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қат

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: