:
Тақырыбы: Кубикпен сөздер жазу
Мақсаты: Балалар суреттегі бейнені Зайцев кубиктерін пайдаланып жазады. Ақ қонжықтың көмегімен дыбыстарды қайталау.
:: Өнер орталығы:
Тақырыбы: Түрлі-түсті құммен сөздер жазу.
Мақсаты: -Балаларға суреттер беріледі, не белгіленгенін құмның бетіне сұқ саусақ пен ортан теректің көмегімен жазады. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып, қызығушылығын ояту. Қол маторикасын дамыту.
:: Үстел-үсті ойын орталығы:
Тақырыбы: Көңілді тапсырмалар
Мақсаты: Ноутбуктегі тапсырмаларды орындау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Компютерлік технологияны пайдалануға деген қызығушылығы артады.
Балалар орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды.
Балаларды белгімен ортаға жинау.
Сергіту сәтін жасау.
-Ал енді, әдебиет орталығында болған балалар өнер орталығына, өнер орталығында болған балалар үстел-үсті ойын орталығына, ал үстел-үсті ойын орталығында болған балалар әдебиет орталығына барып жұмыс жасайды.
Балаларды белгімен ортаға жинау.
Сергіту сәтін жасау.
-Ал енді, әдебиет орталығында болған балалар өнер орталығына, өнер орталығында болған балалар үстел-үсті ойын орталығына, ал үстел-үсті ойын орталығында болған балалар әдебиет орталығына барып жұмыс жасайды.
Балаларды белгімен ортаға жинау.
-Балалар, бүгін қандай дыбысты қайталадық?
-"Б" дыбысынан басталатын қандай сөздер бар екен?
-Өнер орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Әдебиет орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Үстел-үсті ойын орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Балалар сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Тапсырмалардың барлығын белсене орындадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет.
Балалар бір-бірімен сәлемдесті
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>