, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме! деп
Сәлемдесіп аламыз .
-Балалар ,бүгін бізде сауат ашу сабағы.
Сауат ашу сабағында С дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ал бүгінгі сабағымызда біз сауат ашу әлеміне саяхатқа барамыз.
Саяхатқа шықпас бұрын біз өткен сабағымызды есімізге түсірейік.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысымен.
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс .
-Б дыбысына байланысты қандай тақпақ жаттадық?
-Қане кім айтады?
II. Негізгі бөлім.
-Жақсы балалар, енді саяхатқа шығуымызға болады.
-Балалар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар.
Балалардың жауабы.
Ал енді көзімізді жұмайық.
-Ендеше,саяхатқа немен барамыз деп ойлайсыңдар?
-Балалардың жауабы
-Ал баратын жерлерімізді тез табу үшін бізге не қажет?
-Карта.
Балаларды картамен таныстырамын.
1. Дыбыстар елі.
2. Суреттер елі
3. Сиқырлы сөздер елі.
4. Жазу елі.
Ал балалар ендеше "Білім"әлеміне саяхатымызға аттанайық.
-Балалар біз дыбыстар еліне келіп жеттік.
Бірақ біз дыбыстар еліне кіре алмай тұрмыз.
Ол үшін біз мына жұмбақты шешуіміз қажет.
Сақинаны,сағызды,
Сарымсақты,сәбізді
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз орақ тәрізді? (С)
-Балалар, қане с дыбысын айтып көрейік.
-С қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс
-Қандай текшемен белгілейміз?
Ал балалар дыбыстар елімен қоштасып, суреттер еліне барайық.
-Балалар, біз суреттер еліне келдік.
Мына суреттерге назар аударайық.
Сағат, мысық, автобус,сандық, т. б
-Ендеше с дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кезде
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>