Шағын жинақты мектептер: жағдайы мен мәселелері, даму болашағы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
КҮРШІМ АУДАНЫ
БАРАҚ БАТЫР НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ






Тақырыбы: "Шағын жинақты мектептер:
жағдайы мен мәселелері, даму болашағы"



Бердюгожина Бижамал
Мухаметкалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
87056243036




2014 жыл
Шағын жинақты мектептер тарихи ерте кезден, сонау Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. XVII ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің өзіндік проблемасы күн тәртібінен түспей келеді.
Шағын жинақты мектептерге арналған мемлекеттік стратегияның мақсаты - ұлттық шағын жинақты мектептерге жағдай жасап, ондағы білім сапасын көтеру.
Ауыл мектептері ауыл жастарының орнығуы мен дамуына, тұрғындардың мәдени деңгейінің артуына, сонымен бірге экономиканың ауыл шаруашылық секторының дамуында да маңызды рөл атқарады. Осыған орай ауыл шағын жинақты мектептерінің жұмысын жақсарту, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру - әлеуметтік-экономикалық, әрі педагогикалық мәселе болып табылады.
Шағын жинақты мектеп тек қана сынып жинақтамалары ғана емес, сонымен қатар оқушы саны аз сыныптар. Оқушы саны аз сыныптарда оқу уақыты жеткілікті, саралап, даралап оқыту мүмкіндіктері мол.
Шағын жинақты мектептер қазақ халқының салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының ұйтқысы. Сондықтан шағын жинақты мектептер ұлттық дәстүрлердің, адамгершілік құндылықтардың озық үлгілерін сақтаған, болашақ азаматтық қоғамның "мәдени орталығы" саналады.
Шағын жинақты мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жалпы азаматтық және ұлттық рухани құндылықтар негізінде

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: