Шағын жинақты мектептер: жағдайы мен мәселелері, даму болашағы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

а келеді.
Оның үстіне мұғалімдерге арналған әдістемелік журналдар мен газеттерде шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар жоқтың қасы.
Жоғарғы оқу орнында да ұстазды шағын кешенді мектептерге арнап дайындалмайды. Ал келген маман шағын кешенді мектепте көптеген қиындыққа тап болады.
Екінші бір қиындық шағын жинақты мектепте мұғалім әр түрлі жастағы оқушыларды оқытатындықтан бірнеше деңгейдегі бағдарламамен жұмыс істеуінде.
Шағын жинақталған бастауыш мектепте сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру, негізгі бастауыш мектеппен салыстырғанда қиынға түседі. Мұғалім бір сыныппен жұмыс жасағанда, екінші сыныпқа өздігінен орындайтын тапсырмалар береді.
Бір тақырыптық жүйемен жүргізілетін сабақтың түрлері әр сыныптағы балалардың зейінін, ойлау қабілетін бір мақсатқа жұмылдыра отырып, оларды тапсырманы алаңдамай, ойланып орындауға бейімдейді. Сонымен қатар мұғалім екі немесе үш, төрт сыныппен қатар жұмыс жүргізгенде бәріне бірдей көңіл бөлуге міндетті болады. Шағын жинақты мектепте бір тақырыптың сабақтарды үнемі ұйымдастыра беруге де мүмкіндік бола бермейді. Оны ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне бағдарламаның тақырыптарына байланысты болады. Мұғалім әр баланың мүмкіндігін жете ұғынып, оған жұмыс істете білу, сабақтың әр сәтін ұтымды пайдалану жағын ойластыруға тиіс.
Алайда көп жағдайда оқушылар білімін бағалауға, сабақты пысықтауға уақыт жетпей жатады. Себебі мынада:
Біріншіден сабақтың дұрыс ұйымдастырылуында. Қатар сыныптарда сабақты бірдей бастау керек. Бір сынып мұғалім басшылығымен істесе, қалғандары алдын ала дайындалған тапсырмалар орындайды.
Екіншіден оқушылар ерекшелігін ескрмеуден жіберілетін кемшілік. Тапсырманы бұрын орындап болған бала қарап қалмауы керек.
Үшіншіден көп жағдайда үй жұмы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: