сын парта аралап тексеріп, тақтаға тапсырма жазып жүру. Бұл жұмыстар үзіліс кезінде орындалуы керек.
Шағын жинақты мектепте оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім беру сапасын көтеру: электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді:
Электронды оқулықтың ерекшелігі:
Қажетті ақпараттың материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.
Тез арада кері байланыс орнатады.
Әрбір жеке тұлғаның білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
Теориялық білімді өз бетімен оқып үйренуге дағдыланады.
Сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға көқмектеседі.
Шағын жинақты мектептің шығармашылық ізденістері мен озық тәжірибелерін жүйелі түрде жариялап тұрса, шағын жинақты мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің апталық жүктемесі 14-16 сағат болса, біріктірілген сыныптарда оқытатын мұғалімдердің жалақысын көтерсе сынып жетекшілік, дәптер тексеру толық төленсе шағын жинақты ауыл мектебіне қажетті мамандықтар бойынша грант бөлінсе деген ой-пікірім бар.
Әдебиеттер тізімі
1. Бастауыш мектеп 2, 1994 жыл
2. Бастауыш мектеп 2, 1982 жыл
3. Бастауыш мектеп 7, 2002 жыл
4. Бастауыш мектеп 3, 2009 жыл
Страницы: << < 2 | 3 | 4