. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т. б.
Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тындайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шғармашылық жұмыс орындағанын тәжірибемде кездесті.
Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеймін:
1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты - жөні, сыныбы, мектебі, жылы.
2. Тақырыптың өзектілігі.
3. Негізгі идеясы, мақсаты.
4. Жұмыс мазмұны, жоспары.
5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар және оның шешілуі.
6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні.
7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі.
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.
Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәлім
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>