Шағын жинақты бастауыш мектепте оқытудың өзекті мәселері мен болашағы. Жанділда Ақмарал Ш. Уалиханов орта мектебі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

еттер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады. 4-сыныпта Асқар Алпысбайдың "Желтоқсанда үзілген жауқазын" әңгімесін оқытқанда "Екі түрлі сипаттама" әдісін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, тілдік қоры дамыды. Өмірге деген көзқарасы, өзіндік ой-пікірі қалыптасты.
Екінші сыныпта Б. Соқпақбаевтың "Бурыл ат" әңгімесін өткенде жылқының жасына қарай аталуын және ат әбзелдерінің атауларын мынадай кестеге толтыруға болады.

Жылқы жасына,
түріне қарай:
Құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, бесті, қулық, бие,ат, сәурік
Құнан - екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы мал
Дөнен - үш жасқа толып, төрт жасқа аяқ басқан жылқы
Ат әбзелдері:
Жүген, қамшы, тізгін, тартпа, үзеңгі, ер, тоқым, құйысқан, өмілдірік
Үзеңгі - атқа міну үшін ер-тұрман әбзелінің аяқ салатын бөлігі
Тартпа - ер-тоқымды ұстап тұратын бел тартпа
Өмілдірік - аттың омырауында бел тартпаны ұстап тұратын әбзел

Оқушылар жылқының жасына, түріне қарай қалай ажыратылатынымен, ат әбзелдерімен танысады және сөздік жұмысы да қоса жүргізіліп кетеді. Әр сөзге мұғалім көмегімен түсініктеме беріледі.
Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
4-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау
мақсатында төменгідей тест пайдаландым:
Оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау. Тест 1
5- иә
4 - көбінесе
3- кейде, сирек
2 - білмеймін
1 - жоқ, сәйкес келмейді.
Мен білуге тырысамын.
Мен өз мүмкіндігіме, қаб

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: