ілетіме сенемін.
Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын.
Өз пікірімді, көзқарасымды жеткізуге тырысамын,.
Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін.
Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді.
Проблемалық жағдаяттар танымдық ізденімпаздығымды арттырады.
Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.
Ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын.
Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі.
Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.
Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.
Мен мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін.
Мен танымдық ой-өрісімді дамытып отырамын және жақсы нәтижелерге
жетемін.
Жауапкершіліктен қорықпаймын.
Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады.
Егер сізде 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз; 36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру жолға қойылмаған; 14-35 ұпай - өзіңізді мүлдем дамытпайсыз, оқуға жауапкершілікпен, саналылықпен қараңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңыздың
дамуына көп көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Жоғарыда көрсетілген 15 критерий
бойынша әрекет етуге тырысыңыз.
Тест нәтижесінен оқушылардың 20-і 45 ұпайдан жоғары, 48 -і 36-44
ұпай жинаса, 32-і 14-35 ұпай жиналды.
Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы
шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі
белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына
кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест
пайдаландым:
Тест 2
Төмендегі факторларды 5 балдық шкала бойынша бағалаңызда
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>