ң қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі - бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді.
Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: "Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену - сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді". Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру дегеніміз- өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В. В. Давыдов: "Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - оқуға құштарлық, ынталылық" - дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі - дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді:
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>