даусымен:
- Мұнда неғып жүрсің ? - деп сұрайды.
- Адасып кеттім.
- Мм, ал қолыңдағы не?
- Жас.
- Жас деген не?
- Жас жылағанда шығады.
- Ал жылау деген не?
- Жаның ауырғаны, қайғырып мұңайғаның.
Ағаш адамға бұл мүлде түсініксіз болды, өйткені өзі ешқашан жылап, мұңайып көрген жоқ қой. Ағаш адам қызға жол көрсетіп келе жатқанда қыз:
- Ақырын жүрші, жүрегім ауырады, - деді.
Ағаш адам: Жүрек деген не?
Қыз кішкене ойланып барып: - Адам онсыз өмір сүре алмайды, - дейді.
- Көрсетші өзіңнің жүрегіңді.
- Ол менің кеудемде соғып тұр.
- Ал маған сондай жүрек бола ма?
Қыз алдымен "Жоқ" деп, кішкене ойланып барып: "Мында бір жақсы дәрігер бар, ол жаңа ғана қайтыс болған адамдардың жүректерін жинайды, мен сені соған апарайын" дейді. Қыз ағаш адамды дәрігерге алып келеді. Дәрігер : -Сендерге не керек? деп сұрайды. Ағаш адам: Мен мына адамдардікіндей мейірімді жүрек алғым келеді.
- Қатігез жүрек керек емес пе?
- Жоқ дәрігер мырза, тек қана мейірімді жүрек керек, қатігездікте өмір сүру қорқынышты.
Дәрігер бір сөреден шыны банканы алып, оны ағаш адамға ұсынады.
- Міне нағыз мейірімді жүрек. Болмашы айғай, шуды сезеді, дірілдейді, себебі ол бәрі үшін ауырады, бәрін аяйды.
- Иә, иә, міне маған керегі де дәл осындай мейірімді жүрек,- деп ағаш адам қуанып кетті.
- Өкінбейсің бе?
- Жо-жоқ, өкінбеймін
- Бұл мейірімді жүрекпен сен көп қиналасың, қасірет шегесің ғой.
- Жақсы, жақсы дәрігер мырза, түсініп тұрмын.
Сөйтіп дәрігер ағаш адамның кеудесін ашып, оған адамның мейірімді жүрегін салып беріп, қоя берді.
Ағаш адам орманға келіп, өзінің туыстарымен бірге өмір сүре бастайды. Өзінің аға-інілерінің жасап жатқан қиянат, қорқынышты істерін көріп қатты
Страницы: << < 78 | 79 | 80 | 81 | 82 > >>