қиналады, ауырады. Олардың аяушылық, мейірімділік, қайрымдылықтары жоқ жабайылықтары жанын түршіктірді. Олар бірін-бірі сындырды, жақты, әлсіздерді ұрды-соқты, қорғансыздарға зорлық-зомбылық көрсетті, бір сөзбен айтқанда қиянаттан басқаны білмеді.
"Сендер не істеп жатырсыңдар, неге сондай қатігезсіңдер? Неге сендердің жүректеріңде бір тамшы аяушылық, мейірім жоқ?" деп мейірімді жүректі адам өзінің бауырларына күнде налып қиналды. Сонда бір қарт ағаш адам: "Немене сен бізге қайта-қайта қатігезсіңдер, аяушылықты білмейсіңдер, жандарың ешкімге ауырмайды деп айта бересің, оқыта бересің? Бәрі үшін ауыра бере алмайсың, бәріне бірдей көмектесе алмайсың, біреу үшін аурып, бәріне бірдей жаның аши берсе, өзің ұзаұ өмір сүрмейсің. " деп мейірімді жүректі адамға ұрсып тастайды. Жаны қиналған мейірімді жүректі адам анадай тұрған бір ағаштың түбіне тұра қалып қатты-қатты өксіп жылп жібереді. Сол сәт анадай бір ағаштың түбінде тоңып, үсінуге аз-ақ қалған бір баланы көріп, жақындайды. Балада тіршілік нышаны байқалмайды. Мейірімді жүректі адам оны жұлқылып, "Тұр, тұр, әйтпесе үсініп қаласың" деп айқайлайды, бірақ бала қозғалмайды. Бұлардың қасына барлық ағаш адамдар жиналып, бұны мысқылмен күліп, мазақ етеді. Олардың соншалықты қатігездіктеріне қарап, мейірімді жүректі адамның тағы да жүрегі ауырады, жаны қиналады. Сөйтіп мейірімді жүректі адамның жүрегі біресе өлім мен өмірдің арасында жатқан баланы аяп, қатігез бауырларының ісіне ауырғаны соншалық, оның жүрегі лаулап жалындап жана бастайды. Жалын қолдарына жетеді, ол сол қолдарының жылуымен тоңып қалған баланы жылыта бастайды, мейірімді жүректі адам жана береді, жана береді, ал бала оның сол қызуына жылына береді, жылына береді. Әбден жылынған бала орнынан тұрып, орманнан шығып жүре береді, ал мейірі
Страницы: << < 79 | 80 | 81 | 82 > >>