Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  77 | 78 | 79 | 80 | 81  >  >>

а жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың қателігін кешіре де аларсың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлай біл. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам,өз жан дүниесін жаман сезімдерімен ластап, ауырлатпайды. Біз барлығына кешірім мен ,сыйластықпен, түсністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша , біз алға қарай тек қана адал ниет, ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз. Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адамдар өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді. Кешірімді болу - айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың , өзара түсінісудің көрнісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.

Оқушылар біздер қателік жасап , кінәлі болғандармен сөлескенде олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір болайық. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектесуіміз керек.

4. Әңгімелеу
"Ормандағы ағаш адамдар" (притча)
Қалың ну орманда кішкентай ағаштан жаратылған адамдар өмір сүріпті. Олардың көп болғандығы сонша, ну орманды түгелдей өздері басып алған екен. Олардың бір-бірімен айқұш-ұйқыш шатасып орналасқаны соншалық, түнде орманда олардың арасымен өту өте қиын болған. Олардың дауысы ағаш дауыс болған, ал ең қорқыныштысы - олардың жүректері ағаш болған екен. Бұл байғұстар сүйіспеншіліктің, аяушылықтың, қайғы-мұңды бірге бөлісудің, жылаудың, көз жасы дегеннің не екенін мүлде білмеді. Олар қолдарына түскеннің бәрін: құс па, аң ба, бәрін-бәрін өлтіріп, күл-талқанын шығарады екен.
Бір күні орманға бір кішкентай қыз келіп, адасып кетеді. Қыз бір ағаштың түбіне отыра кетіп, жылай бастайды. Жылап отырған қызды көріп, қасына бір ағаш адам жақындап келіп, өзінің ағаш

Страницы: <<  <  77 | 78 | 79 | 80 | 81  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: