оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе. Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта. Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады.
Нұрланып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңінен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі
Өтеді әр адамның жүрегінен
Ғ. Жандыбаев
Адамдарға қалай болса да көмек келтіретін ой мен іс - ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.
М. Жұмабаев
Үй тапсырмасы: Өлең шығару
Күні: 24. 05. 17
Сабақтың тақырыбы: "Жалын атқан жүректен"
Сабақтың мақсаты:Барлық жерде жүзі жылы, кешірімді,адамгершілікті болу
Өзгелерге кінә қойып, өкпе- реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп , денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру-ең алдыменен өзімізге жасалған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал.
Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар жайлы неліктен осындай қадамға ,әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.
Кешіру деген ол адамды түсіну шығар. Егер адамға түсінушілікпен қарасаң, сол сәтте-ақ ол адамға ешқандайда өкпелемейсің. Өйткені осындай жағдайда өзім не істер едім деп сұрақ қоясың. Өзіңді олардың орнына қоыйп, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың. Сол кезде кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаң
Страницы: << < 76 | 77 | 78 | 79 | 80 > >>