ен іс - ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.
М. Жұмабаев
Үй тапсырмасы: Шығарма жазу
Күні: 10. 05. 17
Сабақтың тақырыбы: Ізгілік іздеп келемін
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізгілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. барлық жерде жүзі жылы, сыйымды болу. Оқушыларды ізгілікке, әділдікке, адалдыққа, мейрімділікке, кішіпейілділікке, сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Кіріспе:
Адамқолымен жасалған игі істің бәрі-оның ақыл- ойымен жүрек жылуының көрнісі. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза, сезімі сергек болады. Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі. Рақым, қанағат, әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рақатын көреді. Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі. Туған- туыстар,достар, жора-жолдастар, көрші - таныстармен сыйластықта, татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.
Әңгімелеу:
Өмірдегі ақ пен қара түс сияқты, адамдардың да мінез-құлқы, ішкі әлемә әр түрлі болады. Біреу ақ жарқын, кең пейілді, өте мейірімді, ақ көңіл, жайдары, бауырмал, кішіпейіл болып келеді. Ал біреулер тек өз пайдасын ғана ойлайтын өзімшіл , өр көкірек болып өседі. Мансап пен байлыққа , атаққа қол жеткізу үшін адамдар әр түрлі қулық пен жаман әрекеттерге барады. Мұндай адамдардың сөзі мен ісі келіспейді. Жақсы немесе жаман болу әркімнің өзіне байланысты. Қандай іске болсын адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайырымдылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да биік болады.
Адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай,
Страницы: << < 75 | 76 | 77 | 78 | 79 > >>