жора-жолдастар, көрші - таныстармен сыйластықта, татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.
Ізгілік
Жасы кіші, жүзі нұрлы көрікті,
Бір ізгілік бір өзіңнен өріпті!
Жомарт, ойлы, білер істің шамасын,
Әділ таза, сақтар жұрттың арасын.
Қиянаттан сақтайды адам баласын,
Шаң тигізбей ұстар намыс жағасын.
Қайда барса-іс қиюын табады,
Сөйлесе ақыл - тілінен бал тамады.
Жүзі игі барлық жерге сыйымды,
Табыстырар қиыспайтын қиырды.
Көзі жіті қырдағыны шалады,
Қандай істе еш таймайды табаны.
Жас ақылы-шығар сөлі шырынның,
Ақыл қайда болса, соған қарай жығылған.
Кішісінде-махаббат, кәрісінде - мархабат,
Бәрі жақсы, ізгілікпен өтсе жүгін арқалап!
Өмірдегі ақ пен қара түс сияқты, адамдардың да мінез-құлқы, ішкі әлемә әр түрлі болады. Біреу ақ жарқын, кең пейілді, өте мейірімді, ақ көңіл, жайдары, бауырмал, кішіпейіл болып келеді. Ал біреулер тек өз пайдасын ғана ойлайтын өзімшіл , өр көкірек болып өседі. Мансап пен байлыққа , атаққа қол жеткізу үшін адамдар әр түрлі қулық пен жаман әрекеттерге барады. Мұндай адамдардың сөзі мен ісі келіспейді. Жақсы немесе жаман болу әркімнің өзіне байланысты. Қандай іске болсын адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайырымдылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да биік болады.
Адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай, оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе. Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта. Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады.
Нұрланып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңінен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі
Өтеді әр адамның жүрегінен
Ғ. Жандыбаев
Адамдарға қалай болса да көмек келтіретін ой м
Страницы: << < 74 | 75 | 76 | 77 | 78 > >>