Пән:Қазақ тілі. Оқытушы:Бектас Рәзия Мұқсынбекқызы
Сабақтың тақырыбы:Сайыс сабақ (Өткенді қайталау)
Сабақтың мақсаты:
1. Фонетика,лексика салалары бойынша алған білімдерін жүйелеу,қорытындылау.
2. Тиянақты,жүйелі,мәдениетті сөйлеуге қалыптастыра отырып,ой қаблеттерін дамыту.
3. Оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,Сұрақтар ,тапсырмаалр жазылған слайдтар.
Сабақтың түрі:Сайыс саабқ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,сұрақ жауап,топтастыру,ой қозғау,іздендіру,ойын түрлері.
Пәнаралық байланыс:Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды,оқу құралдарын түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ал,екінші бақытым-Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім,
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім- деп жырлаған ақиық ақын М. Мақатаев жырлаған,туған тіл,салт-дәстүрді дәріптейтін қазақ тілі сабағын бастайық.
Сабақ өткен тақырыптарды қайталауға арналған және сабақ сайыс түрінде өтіледі.
Сабақты мақсаты. Біз осы уақытқа дейін өткен Фонетика,лексика тақырыптарын қорытындылап,Сіздердің алған білімдеріңді жүйелеу,сарапқа салу.
Сабақтың түрі сайыс сабақ болғандықтан оқушылар 2 топқа бөлінеді,әр топтың топ басшыларын тағайындаймыз. Топ оқушыларына әр түрлі тапсырмалар беріледі. Жинаған ұпайлар саны бойынша жеңімпаз топ анықталады. Топ ойыншыларынан ұйымшылдық,тапқырлық қажет.
Сонымен 1-ші топ : «Мұрагер»,Топ жетекшісі: Сабитбек Диана
2-ші топ: «Болашақ»,Топ жетекшісі: Қалелова Арай
Сайыс сабақ мынадай бөлімдерден тұрады:
1 -бөлім. «Бетпе-бет»студиясы. Мақсат жалпы топ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>