Саусақ жаттығулары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тіл кемістігі бар балалардың тілдерін саусақ жаттығулары арқылы дамыту.
Жалпы тілдің біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Біз тіл арқылы өзіміздің ойымызды айтамыз, адамдар мен қарым-қатынасқа түсеміз, қоршаған ортаны танимыз. Білім аламыз, білгенімізді бөлісе аламыз, т. б.
Тіл кемістігі, яғни бұл кемшілік ақаулық, бүгінгі біздің тақырыпқа байланысты.
Бала 4-5 жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың арасында сондай - ақ мектеп жасындағы балалардың арасында да кейбір дыбыстары бұзылып, алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі.
Біздің балаларымыз мектепке дейінгі жаста болғандықтан барлық оқу - тәрбие жұмысымыз ойын түрде жүргізіледі. Бүгінгі біздің алдымызда тұрған проблеманы ойын арқылы, яғни саусақ ойын арқылы шешуге тырысамыз.
Саусақ жаттығулары - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәдени мәні бар шығармашылық. Саусақ жаттығулары - саусақ көмегімен қандай болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шұмағын сахналау болып табылады. Жаттығулар арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ жаттығуларын жасай отырып балалар қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақ қозғалыс-қимылдарына қарап, бала қуанады, шаштанады, есінде сақтайды. Саусақ жаттығулары ұсақ қол моториканың жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Халық ауыз әдебиетінде шағын тақпақтарды саусақ қимылдарымен бірлесіп айтылатыны кездесетіні шын,мысалы: "Қуыр-қуыр, қуырмаш" ойыны. Адамдардың қол және саусақ қимылдарымен бірге айтқан тақпақтар балалардың дамуына жақсы әсерін тигізетіне көздері жетті. Қазіргі таңда ғылыми орталықтарында бұл мәселені дәлелдеді. Саусақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: