Қазiргi таңда әлеуметтiк педагог отбасымен, соның iшiнде сәттi-сәтсiз отбасымен, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасымен және тұлдыр жетiм, жартылай жетiм, мүгедек балалармен, сол сияқты қамқоршылармен де тығыз байланыста жұмыс жүргiзедi. Осы орайда бүгiнде әлеуметтiк педагогтарға үлкен мiндет жүктелiп отыр. Мектепте баламен жұмыс жүргiзсе, отбасымен, ата-анамен тығыз байланыс жасалады. Қазiргi кезде ата-аналардың көбi балаларының тәрбиесiне көп көңiл бөле бермейдi. Себебi, республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарының мәлiметi бойынша, әрбiр сегiзiншi жасөспiрiм жүйке жүйесiне байланысты әр деңгейлi патологияга ұшыраған. Қиын балалардың басым көпшiлiгi – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, өз орталарынан шеттетiлiп қалатындар. Сыныптастарының ортасында жағымды позициядан қалыс қалу, оларды терiс мiнез-құлыққа, әсiресе, бiрге оқитын құрбыларымен дұрыс қарымқатынас жасауға кедергi келтiредi. Қиындықпен тәрбиелену – баланың терiс мiнезқұлқы, әрдайым дау-жанжал тууы негiзiнде ұстамсыздық, мейрiмсiздiк, кекшiлдiк, т.б. келеңсiз қиындықтар туғызады. Бұл талданып отырған мәселе, әлеуметтiк ортада ауытқушылықтың бiр белгiсi ғана. Отбасының төмен деңгейi қоғам мен мектеп алдында қаншалықты қиындықтарға кезiктiрсе, әлеуметтiк педагогтар осы тұрмысы төмен отбасыларға көмек беру кезiнде, құжат жинауда қатты қиналады. Себебi, жоғарыда айтылған жұмыссыздық, үй мәселесi, тұрақты тiркеудiң болмау салдары күрделi жағдай туындатады. Дегенмен, аз қамтылған отбасымен жұмыс жүргiзу керек. Бiрақ, қалай?... Олар үшiн әлеуметтiк педагог не iстеу керек?... Қарасаңыз, қоғам алдында шешiмiн таппайтын шаруа. Әлеуметтiк педагогтың қолынан келерi – материалдық көмек, тегiн тамақ, киiм-кешек қана. Оның өзiн, құжаты түгел емес аз қамтылған отбасына бере алмаймыз. Бiрақ бiз соған қарамастан мұндай отбасыларға бағыт берiп, моральдық жағынан қолдау беруге тырысамыз.
- Рубрика: Другие материалы
- Формат: zip
- Просмотров: 250
- Скачиваний: 9