.
Саусақ жаттығулары:
1. Барлық жаттығуларды асықпай орындауы керек. Бала қол немесе саусақтарды дұрыс ұстау керек, бір қалыптан екінші қалыпқа дұрыс ауысуы қажет. Қажет кезде балаға көмек көрсету немесе бала екінші қол көмегімен жасау керек.
2. Әр жаттығуды алдымен бір қолмен, сонан соң екінші қолмен, содан кейін екі қолмен бірге жасау қажет.
3. Кейбір жаттығулар бірнеше нұсқада орындалады. Біріншісі - ең жеңіл түрде.
4. Әр жаттығудың көру қабілетіне сәйкес өзінің суреті болады. Ең алдыменен түсті суретті көрсетіп және тапсырма қалай орындалуы керектігін түсіндіру. Кезінен түсінікте қажеті болмайды: Сіз суретті көрсетесіз, жаттығуды атайсыз, сәби есіне түсіріп, қол немесе саусақтар қандай қалыпта болуы екенін көрсетеді.
Күтілетін нәтижелер
1. Ұсақ қол моторика қимылдары мен қолдың икемдігі бас миынын құрылымы даму деңгейлерін арттырады.
2. Үлкен адамның іс-әрекеттерін қайталайды және эмоциялық сезімдері мен бірге сөйлеу тілдері дамиды.
3. Баланың зейіні тұрақталады.
4. Саусақ жаттығуларымен бірге тақпақты айытқан кезде баланың сөйлеу тілі таза, ритмикасы нақты болады, қимылдар орындалу үстінде бақылау қабілеттері артады.
5. Тақпақты айту үстінде есте сақтау қабілеті дамиды.
6. Балалардың қиялдары артады. Жаттығулар арқылы әңгімелер айтады.
7. Нәтижесінде саусақтар күш-құат, жіңішке қол моторикасы дамып, келешекте жазу үстінде жеңілдікке ие болады.
8. Саусақ жаттығулары арқылы ұсақ қол моторикасы ғана емес, балалардың қиялы,ойлары, логикасы, шығармашылық қабілеттері де дамиды,қызығушылықтары да артады.
Страницы: << < 1 | 2 | 3