Сабақтың тақырыбы: Кітап қадірі.
М. Әуезов ("Абай жолы" романынан).
Сабақтың мақсаты: оқушылардың кітап оқу мәдениетімен танысуына жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Атақты ғұламалар мен дарынды адамдардың өміріндегі кітаптың рөлі жайлы ақпаратты талдау.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Кітап құмарлыққа - кітаптың пайда болу тарихы мен кітаптың көмегімен өмірлері түбегейлі өзгерген адамдар өмірінен мысал келтіре отырып қызығушылықтарын ояту, талдау, шығармашылық жұмыстар жасау.
Тұлғалық нәтиже. Кітаптың адамның ішкі жан дүниесін байытатындығын түсінгендігін анықтау.
Сабақтың көрнекілігі: мәтін бойынша салынған сюжетті сурет. "Абай жолы" романы. Балалар әдебиетінен көрме ұйымдастыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылап өту.
І. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, мына суреттерде не бейнеленген деп ойлайсыңдар? (Жауаптарды тыңдау).
Сандықша, ойлануды бейнелеу (адамның басы арқылы), ал - тын жүзік пен алқа суреттерін көрсету.
- Ендеше осыларды қатыстырып, оқиға ойлап жазыңдар. Әр топ өз оқиғасын айтады, содан соң мақалды хабарлау.
Кітап - алтын сандық:
Іші толған қазына, құт,
Оқы, оқы, ойыңа тұт.
- Осы айтылған мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Кітаптың адам өміріндегі алатын орны ерекше. Бүгін біз адамның өмірін кітап қалайша түбегейлі өзгерткені туралы білеміз. Кітаптың әрқайсымызға не беретіні туралы әңгіме етеміз.
- Кітап оқып, білім алуға шақырған кімдердің өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер? Мысал келтір.
- Сендерде осы ғұламалардың барлығы ауылдан шығып, алғашқы білімді молдадан ала отырып кітапқа деген құмарлықтары қалай пайда болған деген ой тумады ма?
- Ендеше, Абай Құнанбаевтың к
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>