ітапқұмарлық қасиеті қалай пайда болғанын білгілерің келе ме?
ІІ. Мағынаны тану.
М. Әуезов туралы, "Абай жолы" романы туралы қысқаша мәлімет беріп өту.
Мәтінді оқымас бұрын, оқушыларда әсер қалдыру үшін сөздік жұмысын алдын ала мұғалімнің таңдауы бойынша өткізу.
Зере - әжесі, Ғабитхан - Құнанбай ауылының балаларын оқытқан ноғай молда. Абай сегіз жасынан бастап Ғабитханнан оқыған, Ұлжан - анасы, Күнке - Абайдың әкесі, Құнанбайдың бәйбішесі.
Мәтінді тізбектеп оқу.
- Жас Абайдың кітапқұмарлығын арттырған не болыпты?
- Бұл ауылда қай мезгілде кітапты көбірек оқыған? Мәтіннен ізде, дәлелде.
- Кітапты көп оқуға не бөгет болды:
1) Қыстың бітуі. Мал төлдейтін уақыт келді.
2) Кітаптың аздығы.
3) Бар кітаптың өзі қолына тие бермейтін.
Абай сияқты қаншама ғұламаларымыз өз заманында кітап оқуға құмартқан. Бірақ жоғарыдағы себептерден, басқа да сол заманғы тәрбие, әдет-ғұрып, тіпті шамның жоқтығынан, майшам, пілте шамның көмегімен көрпенің астына тығылып оқитын заман болған. Тіпті оқуға рұқсат етілмейтін кітаптар да болған.
- Ал сынып кітапханасында қандай кітаптар қоры бар екен, танысып көрелік.
- Қандай кітап көздеріңнің жауын алады? Қай кітап сені қызықтырады? Не туралы оқығың келеді?
- Кітап оқуға қанша уақыт бөлесің? Қандай мезгілде оқығанды ұнатасың?
- Соңғы кезде қандай жазушылардың кітаптарын оқыдыңдар?
- Оқығаныңды кіммен бөлісесің? Кімнің отбасында кітап оқу үрдіске айналған?
- Кімнің жеке кітапханасы бар?
Бұл сұрақтарға оқушыңыз жауап бермеуі де мүмкін. Бірақ қоюға міндеттісіз. Оқушы ойында "осындай да талаптар бар екен ғой" деген ой туындауы керек.
Сергіту сәті.
- Балалар, бір-біріне қарама-қарсы, көздеріңнің түстеріне қарап тұрып күлім
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>