Сабақтың тақырыбы: Кітап қадірі. М. Әуезов. Абай жолы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

сіреп:
- Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
- Кітап көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
- Кітап оқып, ой бөлісейік, достар! - деп тілек тілеңдер.
Ойтолғаныс.
- Сабақ басындағы мақалға қайта оралып, айтылған ойларға тағы қосарың бар ма?
"Бес жолды өлең әдісі арқылы сабақты түйіндеу. Кітап оқуға қатысты мына ережелерді есіңде сақта!
Кітапты қалай оқу керек:
- Кітапты басынан аяғына дейін оқы.
- Кітап оқығанда асықпа.
- Оқыған кітабыңның авторы мен атын ұмытпа.
- Оқу кезінде жол тастап оқу немесе оқылмаған парақтар болмау керек.
- Оқу барысында кездесетін түсініксіз сөздердің мағынасын кейінге қалдырмастан, бірден сөздіктен тауып оқы немесе үлкендерден сұрап ал.
- Оқығаның туралы ой түйіндеп отыр.
- Оқыған кітабың ұнаған болса, досыңа ұсын.
Кітапты оқығанда нені естен шығармау керек:
- Кітапты кір қолмен ұстама.
- Кітап парақтарын ұқыптылықпен аш.
- Парақты ашарда саусақтарыңды түкіріктеме. (Төрт саусағыңмен кітап бетінің ортаңғы жағынан басып отырып жоғары қарай бас бармағыңды жүргізсең, ашылу керек беті өзі ерекшеленіп көрінеді. )
- Кітап парақтарын бүкпе, белгілеуіштер сал.
- Кітапқа қаламмен сызба.
Үйге тапсырма ретінде баспа дәптеріндегі тапсырманы орындауға беру. Мәтінді қайта оқып, айтылмай, ескерілмей қалған тұстар болса, тауып келу.


































Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: