Роль книги в детской литературе

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

есін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін мәдени орын.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруде. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып,кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптар мен жұмыс білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.
Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиттен бастап, баспа түріндегі немесе электрондық ақпараттар түрлеріндегі әр түрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты "ҚР Конституциясынның 44 бабына сәйкес және ҚР ортақ білім беру жүйесін дамыту мақсатында", - деп көрсетіліп, 1997 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың " ҚР президентінің Қазақстан Республикасы орталық білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы" 3645 бұйрығы бекітілген.
Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы - кітапхана. Сондықтан да, мектеп кітапханасын - білім беру мекемелеріннің ақпараттық орталығы.









Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: