айқындайтын алғы шарттардың бірі.
"Адамға екі нәрсе тірек: бірі - тіл, бірі ділің жүректегі" - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай баланың тіл белсенділігін арттыратын - кітап. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
Кітап - адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке, баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап - біздің рухани жан азығымыз.
Мектеп кітапханасының атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстар мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы: "Мейірімділік шуақтары" библиотерациялық кеш, "Сынып пен мектеп намысы дегеніміз не?" пікірталас, "Кітапхана білімпаздар мекені" кеш, "Әдебиетке балалықты әкелген" конференция, "Ардақтайық ана тілін" кітап көрмесі, "Туған елім - Қазақстан" ауызша журнал, "Ата мұрам - асыл қазынам" сайыс, "Денсаулық - байлықтан да қымбат" ертеңгілік, т. б бірнеше көптеген іс-шаралар өткізілді.
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда. Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>