Кітап - адамзаттың рухани байлығы
Грек философы Эпиктет "Кереметтің кереметі - жақсы тәрбиеленген адам, олай болса, болашақта көп болсын десең жақсы адам, тәрбиені бастау керек мектептен" -дейді.
Мектептегі тәрбиенің басты құралы үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ол - кітапта.
Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. "Кітап білім - бұлағы, білім - өмір шырағы" деген қанатты сөз қалдырған. "Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге" деп Абай атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады,
Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңдерінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі талай жаңалықтардың көзі - осы кітаптар. Кітап қай заманда да өзінің құнын жоғалтпаған. Кітап - өлмейтін дүние. Кітапты қызығып, сүйіп оқитын іздемпаз оқырмандар біздің мектеп кітапханасынан да көптеп табылады. Кітап - күш. Кітап - құдірет. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін де кітап. Кітапта ғана шекара жоқ. Алғашқы Алланың сөзі де адамзатқа кітап болып түскен. Есімізде жиырма бірінші ғасыр, көштен қалмай технологияның үздік үлгілерін пайдаланып, жұмыс жүйесіне енгізу заман талабы, бірақ, қанша ғаламданып жатсақ та кітаппен оңаша сырласып, тілдескенге не жетсін. Бір кітапты ашсаңыз - бір әлем. " Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтан артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік" деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>