Сабақ 28
Сынып 7 "А"
Күні: 12. 12
Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәріздестер класы
Сабақтың мақсаты: өрмекшітәріздестер класы, өрмекшітәріздестерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы мағлұмат алады, өрмекшілердің сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасын, тіршілік ету дағдысы және мінез - құлықтарын ажырата біледі.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылар өз бетінше ойланады, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады, ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады
Дамытушылық: тапсырмалар арқылы танымдық іс - әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: байқағыштыққа және еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, плакаттар т. б. ;
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, математика, ағылшын, орыс тілі, қазақ тілі пәндерінің өзара байланысын ашу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу. 1 мин
2. Оқушыларды тақырыптық суреттер арқылы топқа бөлу. 2 мин
3. Үй тапсырмасын тексеру: Тест жұмысы (жұптық бағалау) 5 мин
4 . Жаңа сабақ
II. Ой қозғау. (3 мин)
Балалар, мына фотосуретке мұқият қараңыздар. Не көріп тұрсыздар? интерактивті тақта
(Жауаптар көп. Бірақ қажеттісі - өрмек)
Сабақтың эпиграфы:
"Табиғатта қызықтырған біздерді -
Ұшқан ара, шегірткенің шырылы,
Өрмекшінің шебер тіккен өрмегі,
Құрт, айналған көбелекке әдемі. "
(Фо - Гель - Дзё)
Өрмекшіні әдемі жәндік деп айтуға бола ма? Неліктен? Өрмекшіні көргенде сіздерде қандай ассоциациялар қалыптасады? (қорқынышты, сүйкімсіз, улы және т. б. ) (тақтадағы жазба)
Неліктен адамдарда өрмекшілер
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>