атты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.
Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру барысында жаңылтпаш, ұйқас өлеңдер мен мақал-мәтелдер таптырмас құрал болып табылады.
1. Жаңылтпаш және ұйқас өлеңдердің бала тілін дамытудағы маңызы
Жаңылтпаш- халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай дұрыс та еркін сөйлеуіне: сөйтіп, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Бір қызығы халықтық жаңылтпаштар қаншалықты айтуға күрделі, тілге күрмелеулі, шатыстырғыш шытырман ұйқасты болып келседе, мазмұнында бір мән, халықтың тұрмыс-салтына үйлесімді ой жатады. Тез айтудың қиындығы да сол жаңылтпаш сөздерін анық айтып, ішкі мәнін аша білуде. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту, экология негіздері оқу іс-әрекеттерінде, оқу іс-әрекеттен тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре, дұрыс, тез, анық, шебер айта білу мақсатында қолданылады, тіпті қарапайым математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сандар жайлы түсініктерін толықтыруда жаңылтпаш өте тиімді. Мысалы қоршаған ортамен танысу оқу іс-әрекетінде үй жануарлары, олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, "Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді" - жаңылтпашын жаттатумен қорытындылаймын. Ал, тіл дамыту
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>