Растрлық кескіндермен жұмыс жасаудың жалпы тәсілдері

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11

Қаламұштың конфигурациясын баптаулардан таңдауға болады.
Мөртабан - клонда құралы.
Мөртабан екі кезеңде әрекет етеді. Бастапқыда Ctrl пернесімен бірге клон жасау қажет суреттің бөлігін тінтуірмен шертеді. Әрі қарай Ctrl пернесін жібереді, енді қылқалам сияқты, сурет бөлгінің клонын алуға болады.
Емдік қылқалам - құрал мөртабанға ұқсас, бірақ айырмашылығы бар. Бұл құралды фотосуреттегі бет терісін түзету үшін жиі қолданады.



Өткірлік/Шаю, Баттастырып бояу құралдары кескіннің ерекшеленген аймақтарының қиып алынғаннан кейінгі шеттерін өңдеуге пайдаланылады.
Өткірлік/ Шаю - Қылқалам, кескіннің жеке бөлігін немесе шеттерін жетік түрде өңдеу үшін қолданылады. Әдетте, бұл құралды кескіннің қиып алынған аймағының шекараларында шеттері өте өткір болмас үшін шаюға, жұмсартуға қолданады.
Баттастырып бояу - түстерді қамти отырып ұстайды.
Ашықтандыру -- Қараңғылау - бұл құралмен кескін бөліктерін ашық ету ыңғайлы.

V. Сабақты бекіту.
Таңдалған деңгейі бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау

VІ. Қорытындылау.
Тәжірибелік жұмыстың орындалуын тексеру, жұмыс барысында туындаған сұрақтарды талдау, шешу жолдарын ұсыну, оқушылар білімін бағалау.

VІІ. Үй тапсырмасы
Сурет салу құралдары.





Страницы: <<  <  9 | 10 | 11
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: