сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу;
ә) оқушыларды түгелдеу, оқушылардың оқу құралдарын қадағалау;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
VI. Жаңа сабақ
GIMP - те сурет салу үшін Контурлар, Қарындаш, қылқалам, Өшіргіш, Аэрограф, Қаламұш құралдарын қолданады. Сонымен қатар сурет салумен байланысты өшіру, көшіру, шаю, жарықтау, қараңғылау амалдары қолданылады. GIMP-те сурет салу ерекшеліктерін қарастырайық.
Түзу сызықты салу үшін:
1. Қарындаш пен Қылқалам таңдаңдар.
2. Бірінші нүктені басыңдар.
3. Shift басып тұрып, екінші нүктені басыңдар.
GIMP - де пішіндерде де алуға болады. Ол үшін ерекшелеу құралын таңдау керек. Пішіннің тек қана контурын жасау керек кезде таңдау керек. Пішіннің тек қана контурын жасау кероек кезде Түзету -- Құю бұйрығын қосыңдар.
Қылқалам - өте қызық құрал , үнсіз келісім бойынша топтамасында ең қажеттілері жеткілікті мөлшерде бар.
Жазық құйма бояу -таңдалған түспен немесе құралдың баптауларында қандай параметр таңдалғанына байланысты кескіндердегі ұқсас түстермен суретті түгел бояйды. Құю түспен де, текстурамен де орындауға болады.
Градиент - бір түстен екінші түске ауысу. Баптауларда дайын градиентті таңдап алуға болады. Дәл қазіргі уақытта фонмен алдыңғы планға қандай түстер қажет болуына байланысты бастапқы 3-4 нұсқалар ұсынылады. Егер Түссіздік параметрі 100болып таңдалса, онда градиенттің құйып бояуы бастапқы кескінді көруге мүмкіндік бермейді. Осы параметрді реттей отырып, тұманның әдемі әсерлерін алуға болады.
Өшіргіш - фонның түсімен немесе түссіздікпен кескінді өшіреді.
Аэрограф - айнымалы қысымы бар ескі сия қаламы сияқты жазатын құрал.
Қаламұш - бұл да жазады.
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 > >>