а біледі. Олар сауатты түрде балаларға түзету көмегімен бірге ата-аналарға арнайы білім берудің мазмұнын да түсіндіріп, ұсыныстар береді. Өздерінің түзете-дамыту сабақтарында қазіргі заманға сай сабақ берудің инновациялық технологияларын қолданады. Мамандар түзету сабақтарында арттерапиясын, оның ішінде ойын терапиясын, ертегі терапиясын, музыка терапиясын, драма терапиясын, "Монтессори" әдістемесіне байланысты көрнекіліктерді пайдаланады. Әр кезең сайын барлық маман түзету көмегін алған балаларға жеке-жеке мониторинг жасап, нәтижесін қорытындылайды.
Түзете-дамыту сабақтармен қоса мекемеде тәрбиелік мәні бар ертеңгіліктер, іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіледі. Ата-аналар балаларымен бірге қатысады. Ата-аналар балаларының әрбір сәтті қадамдарына қуанады. Өз балаларының осы кабинеттен алған нәтижесі мен жетістіктеріне аса көңіл бөліп, мамандарға ризашылықтарын білдіреді.
Л. С. Выготский: "Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі - бала бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері"
Страницы: << < 2 | 3 | 4