ы алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған топтық сабақтар - 35 минутты құрайды.
ППТК-де мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, түзету ритмика педагогы, әдіскер қызмет атқарады.
Мұғалім-дефектолог - ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жеткіншектерге жеке бас ерекшелігін, жас ерекшелігін, мүмкіншілігін ескере отырып түзете-дамыту жұмысын жүргізеді. Бала дамуындағы ауытқушылықтарды жою мақсатында жекелей және топтық сабақтар өткізеді.
Педагог-психолог - баланың таным қабілетіне диагностикалық зерттеулер жүргізіп, талдау жасайды. Баланың ерік-эмоционалды сферасын, жеке қасиеттерін, таным қабілеттерін дамыту мақсатында жеке дамыту бағдарламасын жасай отырып, түзету сабақтарын жүргізеді. Ата-аналармен және басқа мүшелерімен кеңес өткізеді.
Мұғалім - логопед - жұмысы сөйлеу тілінің күрделі ақауы бар балалар мен жеке және топтық жұмыстар өткізеді. Логопед жаңаша әдістер мен бағдарламаларды пайдалана отырып ауызша, жазбаша сөйлеу дағдысында кемшілігі бар балалармен жұмыс жасайды.
Әлеуметтік педагог - бала тұлғасының дамуы үшін жағдай жасайды, баланың әлеуметтік бейімделуіне кешенді көмек көрсетеді.
Емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы - түзету бағытындағы сабақтар жалпы сауықтыру сипатында болып, кемшіліктерді жоюға, шынықтыруға бағытталған.
ППТК-і "Оқу жоспарына" байланысты бағдарламалар мен оқу-тәрбие процесіне, балалар демалысына сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр маманның жеке кабинеттері бар. Кабинеттер әдістемелік, электрондық оқулықтармен, түзете-дамыта оқытуға арналған ойыншықтар мен, көрнекі құралдармен жабдықталған. Кабинетте білікті мамандармен қатар жас мамандар да қызмет атқарады. Барлық мамандар ата-аналардың көңілінен шығ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>